Абай облысының су айдындарынан бір тәулікте үш адам құтқарылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Абай облысының су айдындарында үш адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

19 шілде күні Ертіс өзеніндегі патрульдеу кезінде Абай облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2002 жылы туған жас жігітті жағадан алыс жүзіп, суға бата бастаған жерінен құтқарған.

«112 пультіне Алакөл көлінің демалыс базасының аумағындағы жағалауында 2017 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, бассейнге құлап, оны куәгерлер құтқарды.

Құтқару қызметіне шомылу кезінде 2006 жылы туған қыздың аяғы құрысып қалған жерінен көл жағасында демалып жатқан куәгер құтқарды», - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінен.


Соңғы жаңалықтар