Абай және Жетісу облыстары Алматыға 350 тоннадан астам өнім әкелмек

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 25-26 қазан, осы демалыс күндері Абай және Жетісу облыстары Алматыға 350 тоннадан астам өнім әкеледі.

Алматы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, алдағы демалыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Екі облыстың фермерлері қатысады.

«Өнімнің жалпы көлемі – 350 тонна.Оның ішінде ет өнімдері – 80 тонна, жеміс, көкөніс өнімдері – 120 тонна, сүт өнімдері – 50 тонна, балық өнімдері – 5 тонна, басқалары – 95 тонна», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ауылшаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 25 қазан сағат 13:00-ден 27 қазан 20:00-ге дейін жабылады.

Бұдан басқа, №45, №95 және 121 автобустардың бағытына өзгерістер енгізіледі. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.