14:22, 31 Желтоқсан 2025 | GMT +5
«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Семей қаласы әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесіп 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап «Абай жастары» бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
— Бағдарламаға 18–35 жас аралығындағы Семей қаласының жастары қатыса алады. Оның ішіне түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан басталады, — делінген хабарламада.
Қатысу шарттары Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында және @semey_turgyn_ui_bolimi, @otbasybank_semey инстаграм парақшаларында жарияланады.
Бұдан бұрын 1 қаңтардан бастап өңірлік ипотекалардың бастапқы жарна сертификаты 2,5 млн теңгеге өсетінін жазғанбыз.