Абайдағы жүзу бассейнінің құрылысы тоқтатылды - Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Абайда бюджет қаржысын оңтайландыру аясында жүзу бассейнінің құрылысы тоқтатылды.
None
None

Бұл туралы облыс әкім Нұрмұхамет Әбдібеков мәлім етті.

«Сіздер білесіздер, өткен жылы Мемлекет басшысы тарапынан құрылысы 80 пайызға және одан жоғарыға жеткен нысандарды ғана қаржыландыруға нұсқау берілген болатын. Соған сәйкес біздегі бірқатар нысандар осындай жағдайға ұшырады, яғни 80 пайыздан кем игерілгендері тоқтатылды»,-деді Н. Әбдібеков Орталық коммуникациялық қызметтің облыстық филиалы алаңының ашылуындағы брифингте.

Ол Абайдағы жүзу бассейнінің құрылысын мысалға келтірді.

«Өткен жылы біз құрылысты бастадық. Биыл жұмысты тоқтаттық, өйткені нысан тек басталу кезеңінде. Қалай бюджеттің жағдайы жақсарады, біз бұл жобаны іске асыруды жалғастырамыз және қаржыландыратын боламыз», - деп атап өтті өңір басшысы.

Сондай-ақ ол 2016 жылғы облыстық бюджет 2015 жылдағыдан аз екендігін жеткізе келе, өңірдің 17 миллиард теңге көлемінде субвенция мен трансферттік қаржы алмайтындығын қосып өтті.

Соңғы жаңалықтар