«Abdi Ibrahim Global Pharm LLP» жаңа кәсіпорны құрылды

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында "Abdi Ibrahim Global Pharm LLP" деп аталатын жаңа компания  жұмыс жасайтын болады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
None
None

Аталған компания акцияларының 60%-ы Түркияның фармацевтика саласындағы көшбасшы Abdi Ibrahim компаниясына, ал 40%-ы отандық «Alma Pharm» жетекші фармацевтикалық компаниясына тиесілі.

Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметімен жеткізілім жөнінде ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырған Global Pharm компаниясымен ынтымақтаса отырып, Abdi Ibrahim компаниясы осы мәміле негізінде 2014 жылға қарай Дәрілік заттар өндірісін ұйымдастыру және олардың сапасын қадағалау ережелеріне сәйкес салынатын өндірістік базаны ашуға міндеттеніп отыр.

9 қарашада Қазақстанда өткен ақпараттық жиналысқа «СК-Фармация» ЖШС-нің басқарма төрағасы Назарбек Бейсен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин, Абди Ибрахим компаниясының төрағасы Незих Барут, Lancaster Group компаниясының бас директоры және  президенті  Нұржан Жаңабеков және тағы басқалар қатысты.

Абди компаниясының төрағасы Ибрахим Незих Барут Global Pharm компаниясымен бірлесе отырып ТМД-дағы қызметін кеңейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. «Осы ынтымақтастық нәтижесінде құрылатын жаңа компания арқылы біз 2019 жылы тауар айналымын 5 миллион АҚШ долларына жеткізуді жоспарлап отырмыз»,  - деді ол.

12-13 қазан күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасы Премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен өткен Қазақ-Түрік бизнес форумының бағдарламасы шеңберінде зауыт құрылысына инвестиция құю жөнінде мәміле жасалды.

Ақпарттық жиналыстың қатысушыларына компанияның келешектегі жоспарлары мен мақсаттары туралы толық ақпарат берілді, сондай-ақ компания таныстырылымы да өткізілді.

Дәрілік заттар өндірісін ұйымдастыру және олардың сапасын қадағалау ережелеріне сәйкес келетін жаңа зауыт 2014 жылдың соңында пайдалануға беріледі.

 Жаңа компанияның акцияларының 60%-ы  Абди Ибрахим компаниясына тиесілі, ал «Alma Pharm Invest» ЖШС акцияларын иеленетін Lancaster Group және Dostar Holding компанияларының аталған жаңа кәсіпорындағы үлесі 40%-ды құрайды. Осы ынтымақтастықтың арқасында  Abdi Ibrahim компаниясы Қазақстанның еркін нарығындағы өз қызметін мемлекеттік тендерлер арқылы кеңейтуді көздеп отыр.

«Abdi Ibrahim Global Pharm LLP» атауымен жұмыс жасайтын компания Abdi Ibrahim және де  Global Pharm компанияларының қоржынындағы қолданылу аясы кең өнімдерді шығарып, нарыққа тарататын болады.

2002 жылы құрылғалы бері тауар айналымы 12,5 миллион АҚШ долларын құраған Global Pharm компаниясы «СҚ-Фармация» мемлекеттік фармацевтика мекемесімен жеткізілім туралы 7 жылдық ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойған жетекші 9 компанияның бірі болып табылады. Келісім-шартқа сәйкес 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта Abdi Ibrahim Global Pharm жаңа компаниясы дәрі-дәрмектердің  131 түрін жеткізетін болады. Дәрілік заттар өндірісін ұйымдастыру және олардың сапасын қадағалау ережелеріне сәйкес келетін зауытты салу тауар жеткізу жөніндегі келісімнің міндетті шарты ретінде белгіленді. Аталған зауыт құрылысына 60 миллион АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін инвестиция көлемі  құйылып, 2014 соңына дейін ол пайдалануға берілмек.

«ТМД елдеріндегі өзіміздің қатысуымызды күшейту және компаниямызды әлемдік нарықтың ірі ойыншысына айналдыру бойынша мақсатымызға жету үшін осы ынтымақтастықтың  көмегімен алғашқы қадам жасап отырмыз. Сонымен бірге, бұл мақсат  2021 жылдың соңына дейін іске асырылуы тиіс біздің жоспарымыздың бір бөлігі болып табылады. Осы серіктестіктің арқасында біз Қазақстан нарығына өзіміздің зияткерлік капиталымыз бен  ноу-хауымызды әкелеміз. Олар озық технологияларға сәйкес жабдықталған біздің жаңа зауытымызда қолданылатын болады», - деді Abdi Ibrahim және Alma Pharm компаниялары арасындағы  серіктестік құрметіне орай ұйымдастырылған ақпараттық жиналыс кезінде Abdi Ibrahim компаниясының төрағасы Незих Барут.

Alma Pharm компаниясының басты серіктестерінің бірі болып табылатын  Lancaster Group компаниясының бас директоры және  президенті  Нұржан Жаңабеков Қазақстанда өз қызметін табысты түрде атқарып келе жатқан  Abdi Ibrahim секілді компаниямен ынтымақтасуға қуанышты екенін жеткізді. «Дәрілік заттар өндірісін ұйымдастыру және олардың сапасын қадағалау ережелеріне жауап беретін жаңа зауытты салу арқылы, сондай-ақ, арамыздағы серіктестік қоржынын өз өнімдерімен толықтыра отырып, Abdi Ibrahim компаниясы біздің қолжеткізетін мақсаттарымызға бағалы  үлесін қосатын болады. Қазақстан мен Түркия Үкіметтерінің түрлі салалардағы ынтымақтастығын ілгерілету үшін ынталандырудың түрлі шараларын қолдану нәтижесінде  осы серіктестікті құруға қатысты біздің сеніміміз беки түсті», - деді  ол.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум