Абель Санчес: «154-168 фунт аралығында ешкім Головкинге 12 раунд шыдас бере алмайды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қарамағындағы спортшының өз салмағынан сәл ауыр және жеңіл салмақтардағы перспективасы жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Boxingscene.com-ға сілтемемен Sports.kz.
None
None

«154-168 фунт аралығында ешкім Головкинге 12 раунд шыдас бере алмайды. Ал Канеломен жекпе-жек болуы мүмкін бе дейсіз бе? Ол жігіттің қалай өсіп келе жатқаны көңіл толтырады. Кездесу болған жағдайда, ол өте тартысты өтеді және жекпе-жек тағдыры ойынның екінші жартысында шешіледі. Одан соң екеуі қайта есе қайырысу үшін кездесуі мүмкін, себебі бұл жепке-жек бір ғана кездесумен шектелетінге ұқсамайды», - деді Санчес On The Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында.

Головкин келесі кездесуін қыркүйекте өткізеді. Онымен кездесуі мүмкін қарсыластардың қатарында Эрисланди Лара, кіші-Крис Юбенк, кіші-Хулио Сесар Чавес, Дэниел Джейкобс, Билли Джо Сондерс және Хильберто Рамирестер бар. 

Соңғы жаңалықтар