Абель Санчес «Big Bear» жаттығу базасындағы Головкиннің бөлмесін көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерлесіміз Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес «Big Bear» жаттығу базасында журналистер үшін шағын экскурсия ұйымдастырды. Еске сала кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин британдық қарсыласы Мартин Мюрреймен болатын кезекті жекпе-жегі үшін аталған базада дайындыққа кіріскен еді. Экскурсия барысында бапкер Санчес базада жаттығатын оншақты боксшының күнделікті тіршілік жағдайына жан-жақты тоқтала келе, америкалық журналистердің өтінішіне орай Геннадийдің бөлмесіне жеке тоқталып өтті, деп хабарлайды boxingnews.kz.
None
None

Сілтемедегі бейнематериалға қарағанда Генаның бөлмесі базаның тұрғын үй ғимаратының екінші қабатында орналасқан. Сосын қазақстандық боксшының қай бөлмеде орналасқанын табу еш қиынға соқпайтыны анық, өйткені оның номеріндегі есікте әйгілі «GGG» жазуы бар. Бапкердің сөзіне қарағанда, жерлесіміздің бөлмесі тек оның жеке өзіне ғана арналған, яғни басқа боксшылардікіндей емес, Гена аталған базада болмаған күннің өзінде оның бөлмесі ешкімге жалға берілмейді. Бақсақ Генаның нөмірі қарапайымдылығымен де ерекшеледі екен, онда екі кереует, шкаф пен жуынатын бөлмеден басқа басы артық зат жоқ. Айтпақшы, WBC (Interim) нұсқасы бойынша Геннадийге тиесілі чемпиондық белбеу де осы базадағы бөлмесінде сақталып тұр.

Әңгіме барысында бапкер Санчес Монакада 21-ақпанда жоспарланған Мартин Мюррейден кейін Генаның кезекті жекпе-жегі кіммен өтетіні туралы тіс жарған жоқ. «Мен - бапкермін, менің ісім боксшыны даярлау. Сондықтан да, Мюррейден соң Геннадийдің кіммен кездесетінін білмеймін. Ал бұл үшін Том Леффлер мен ағайынды Германдар бар емес пе», - дейді Санчес.

Соңғы жаңалықтар