14:41, 09 Шілде 2016 | GMT +5
Абель Санчес: «Брукпен келісімшарт мәселесі екі күнде шешілді»
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қыркүйекте ІBF/IBO/WBA/WBC әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Келл Брук арасында өтетін жекпе-жек туралы Г.Головкиннің бапкері Абель Санчес түсініктеме берді, деп жазады The Ring.
«Бізде НВО арнасымен 10 қыркүйек күні өтетін жекпе-жек туралы келісім бар. Кіші Юбенкпен келіссөздер ұзақ жүргізілді және ешқандай нәтиже бермеді. Біз Геннадийге басқа қарсылас іздей бастадық. Геннадиймен жекпе-жекте К.Брук өзіне үлкен мүмкіндіктің туатынын білді және Келлмен келісімшарт мәселесі екі-ақ күнде шешілді».