Абель Санчес Геннадий Головкиннің болашағы туралы айтты

Абель Санчес
Фото: Sports.kz

АСТАНА.KAZINFORM — Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы болған Абель Санчес GGG қарбаласқа толы әрі абыройлы бокс мансабынан кейін отбасы мен жеке істеріне уақыт бөлуге лайық екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

- Ол ендігі уақытын отбасы мен балаларына арнағанына қуанады деп ойлаймын. Балалар тез өседі. Ол біршама жасқа келіп қалды, қазір 41-де. Оны қайтадан боксшы ретінде көргім келеді деп айта алмаймын. Бірақ мен оның отбасының мүшесі емеспін. Ол отбасымен бірге уақыт өткізіп, өзіне және отбасына қалай дұрыс болатынын шешуі керек, - деді Санчес Little Giant Boxing-ке.

Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпанда Геннадий Головкин Тимур Құлыбаевтың орнына Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып ресми түрде сайланды.

Соңғы жаңалықтар