22:02, 08 Қараша 2016 | GMT +5
Абель Санчес: Головкин 168 фунтта қазіргі 160-тағыдан да мықты болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Boxingscene.com-ға берген сұхбатында өзі баптайтын боксшының салмағын көтеру мүмкіндігі жайлы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Маған сұрақ қойды: егер Головкин түптің түбінде салмағын көтерген жағдайда, онда бәсекеге қабілетті бола ала ма?
Мен GGG 168 фунтта қазіргі 160-тағыдан да мықты болады деп жауап бердім.
Бұдан бұрын мен айтқан жігіттер: Сергей Ковалёв, Андре Уорд және Адонис Стивенсон - Головкин бәрін жеңуге қауқарлы.
Біз әлі нағыз Головкинді көрген жоқпыз. Біздің қазіргі мақсатымыз - төрт белбеу. Сондықтан мен әзірге ертең не болатындығын айтқым келмейді. Мүмкін бірнеше жылдан кейін болар әлде келесі жылы,-деді Санчес.