Абхазия парламенті Аслан Бжанияның отставкасын қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM — Абхазия парламентінің депутаттары бұған дейін республиканы басқарған Аслан Бжанияны отставкаға жіберу туралы шешім қабылдады, деп жазады ТАСС.

Аслан Бжания
Фото: Валерий Шарифулин / ТАСС

19 қарашаға қараған түні билік пен оппозиция арасындағы келіссөздерден кейін Бжания «елдегі тұрақтылық пен конституциялық тәртіпті сақтау үшін» отставкаға кету туралы өтініш берді.

Абхазия Конституциясына сәйкес, республика парламенті отставкаға кету туралы өтінішті қабылдайды. Дауыс беруге 31 депутат қатысып, отставкаға кету туралы шешімге 28 депутат пікір білдіріп, 1 депутат қарсылық білдірді, тағы 2 бюллетень бүлінген.

Қазіргі вице-президент Бадра Гунба Абхазия президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлады парламент спикері Лаша Ашуба.

Абхазия Конституциясына сәйкес, президенттің отставкаға кету мәселесін республика парламенті шешеді. Шешім көпшілік дауысымен қабылданады. Президент қызметiнен шеттетiлген немесе ол қайтыс болған, отставкаға кеткен немесе өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда оны міндетін вице-президент атқарады.

Сонымен қатар, вице-президент президент міндетін атқара алмайтын тұстары бар: бұл жағдайда өкілеттіктер премьер-министрге беріледі. Олардың ешқайсысы президенттің міндетін атқара алмаса, парламент спикеріне өтеді. Президенттің міндетін атқарушының өкілеттігі президенттің өз міндеттерін атқара алмау себептері жойылғанға дейін немесе жаңа президент сайланғанға дейін сақталады.

Еске салсақ, бұған дейін Абхазия президенті Аслан Бжания 15 қарашада болған Сухумдағы оқиғаны мемлекеттік төңкеріс әрекеті деп атады және ол елдің президенті болып қала беретінін баса айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар