Абхазияда мерзімінен бұрын президент сайлауы 2025 жылдың 15 ақпанына белгіленді

АСТАНА. KAZINFORM — Абхазия парламентінің депутаттары кезектен тыс президент сайлауын 2025 жылдың 15 ақпанына тағайындау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.

Абхазияда мерзімінен бұрын президент сайлауы 2025 жылдың 15 ақпанына белгіленді
Фото: tass.ru

«Абхазиядағы кезектен тыс президент сайлауы 2025 жылдың 15 ақпанына, сенбіге белгіленсін», - делінген парламент қаулысында.

Абхазия парламентінің спикері Лаша Ашуба президент сайлауына орта есеппен 20-25 миллион рубль жұмсалатынын айтты. 

Депутат Даут Хутабаның айтуынша, сайлау күні ретінде сенбі күні таңдалды, себебі сайлау учаскелері көбінесе мектептерде ашылады, мұғалімдер комиссияларға қатысады және жексенбі күні демалу ыңғайлы болар еді. Бұған дейінгі сайлаулар мен референдумдар жексенбіде, 2022 жылғы парламенттік сайлау сенбі күні өткен. 

Бұған дейін қарашаның 15-індегі наразылықтардан кейін Абхазия президенті Аслан Бжания мен премьер-министр Александр Анкваб отставкаға кеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар