Абхазиядағы Ұлттық галереяда 4 мыңға жуық картина өртеніп кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Сухумидегі ең үлкен галереядағы өрттен 4 мыңға жуық картина өртеніп кетті. Өрт орталық көрме залының ғимаратында болды, деп хабарлайды Грузия жаңалықтары.
Абхазия төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, галереядағы өрт абхаз мәдениеті үшін орны толмас шығын болды. Өртті сөндіруге оннан астам өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.
Өртеніп кеткен картиналардың арасында алғашқы кәсіби абхаз суретшісі, атақты декорацияшы Александр Чачба-Шервашидзенің 300-ге жуық туындысы бар.
– Бәрі өртеніп кетті деуге болады. Орталық көрме залы ғимаратының екінші қабатында Ұлттық көркемсурет галереясының 4 мыңнан астам картинасы орналасқан,- деді журналистерге Мәдениет министрінің міндетін атқарушы Динара Смыр.
Алдын ала болжам бойынша, өртке қысқа тұйықталу себеп болған.