13:00, 25 Маусым 2025 | GMT +5
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингіде жоғарылады
АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық дзюдо федерациясы Будапешттегі (Мажарстан) әлем чемпионатын қорытындылап, үздіктердің тізімін жаңартты.

48 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингіде екі саты жоғарылап, екінші орынға тұрақтады. Әзірге дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы көшбасшысының еншісінде 5 662 ұпай бар.
Көш басында италиялық Ассунта Скутта (5 958 ұпай) тұр. Ал франциялық Ширин Букли 5 170 ұпаймен үздік үштен көрінді.
Еске сала кетейік, Әбиба (48 келіге дейін) Будапештте (Мажарстан) өткен әлем чемпионатының финалында Италия өкілі Ассунта Скуттаға есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алған болатын.