Әбиба Әбужақынова бастаған дзюдошылар Аустриядағы Гран-при турнирінде бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 7-8 наурызда Аустрияда өтетін әлемдік Гран-при кезеңіне қатысады.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған додада әлемнің 52 елінен 438 спортшы бақ сынайды деп жоспарланған.
Гран-при турнирінде ел намысын 16 татами шебері қорғайды.
Әйелдер:
Әбиба Әбужақынова (-48 кг),
Толғанай Әбеуова (-52 кг),
Дана Әбдірова (-57 кг),
Самалай Ерғалиева (-63 кг),
Ақерке Рамазанова (+78 кг).
Ерлер:
Талғат Орынбасар (-60 кг),
Нұрмұхаммед Ботабай (-66 кг),
Қуан Барыс (-73 кг),
Данияр Шамшаев (-73 кг),
Мәди Амангелді (-81 кг),
Азат Күмісбай (-81 кг),
Мейірлан Максим (-90 кг),
Нұрлыхан Шархан (-100 кг),
Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Абылайхан Жұбаназардың Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.