Абылай Мырзахметовтің ісі: Сот ашық өтеді

абылай мырзахметов
Фото: atameken.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісі бойынша алдын ала тыңдау болды.

«Абылай Мырзахметовтің ісі бойынша бүгін алдын ала тыңдау болды. Басты сот отырысының қашанға тағайындалғаны әзірге белгісіз», — деді қалалық соттың баспасөз қызметінің басшысы Алина Райымбаева.

Араға уақыт салып басты сот отырысы 22 қаңтар сағат 10-да өтетіні белгілі болды (Астана, Кенесары көшесі, 3).

Іс ашық  қаралады және сот барысында аудио-видео жазуға рұқсат.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 10 мамырда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталған еді.  

Ол алаяқтық және кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке іліккен.

Өткен жылы 22 қарашада Антикор Абылай Мырзахметовке қатысты тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.  

Айта кетсек, аталған іс сотқа былтыр желтоқсанның соңында келіп түсті.  

Соңғы жаңалықтар