13:36, 30 Шілде 2024 | GMT +5
Абылай Жұбаназар алғашқы белдесуінде ұтылып қалды
ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін дзюдодан ерлер арасында Абылайхан Жұбаназар алғашқы белдесуін өткізді.

Нәтижесінде 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз алғашқы белдесуінде Мажарстан балуаны Атилла Унгвариден ұтылып қалды.

Жалпы, Олимпиада ойындарына Қазақстаннан ерлер арасында бес, әйелдер арасында үш дзюдошы келген болатын.

Әзірге жарыс жолынан ерлер арасында Данияр Шамшаев пен әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова шығып қалған еді.

Міне, бүгін олардың қатарына Жұбаназар да қосылды.

Ал 60 келі салмақта Елдос Сметов чемпион танса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алды.
Бүгін әйелдер арасында 63 келіде Эсмигуль Куюлова татамиге шығады.
