Абылайхан Жұбаназар Астанадағы турнирде қола жүлдегер болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Абылайхан Жұбаназар (81 келі) Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды.

Абылайхан Жұбаназар Астанадағы турнирде қола жүлдегер болды
Фото: Sports.kz

Тәжірибелі балуан 3-орын үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді 29 секундта жеңіп, ел қоржынына алтыншы медальды салды.

Айта кетсек, жарыстың алғашқы күні, 9 мамырда Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) пен Талғат Орынбасар (60 келі) күміс алса, Аман Бақытжан және Мағжан Шамшадин қола жүлдеге қол созды.

Сондай-ақ олардың қатарына бүгін қола медаль алған Есет Қуанов (73 келі) қосылды.

Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін — 1 мың, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.

Соңғы жаңалықтар