Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатында жүлдеден тыс қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бүгін, 16 маусымда Абылайхан Жұбаназар (81 келі) ширек финалдан тыс қалды.

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатында жүлдеден тыс қалды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық балуан 1/8 финалда қазіргі Еуропа чемпионы, ресейлік Тимур Арбузовқа (IJF) есе жіберіп қойды.

Ол бұдан бұрын молдовалық Петру Пеливанды, бразилиялық Габриэль Фалькаоны жеңген еді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Эсмигүл Куюлова (63 келі) әлем чемпионатын алғашқы айналымнан аяқтады. 

Енді ертең, 17 маусымда Мейірлан Максим (90 келі) татамиге шықса, 18 маусымда Нұрлыхан Шархан (100 келі) және Марат Байкамуров (100 келі), 19 маусымда Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жүлдені сарапқа салады.

Қазірге дейін әлем чемпионатында ел құрамасынан Әбиба Әбужақынова (48 келі) күміс жүлдегер атанса, Мағжан Шамшадин (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Есет Қуанов (72 келі) жарысты ерте аяқтады.

Дзюдодан әлем чемпионаты 13-20 маусым аралығында өтеді. Онда 92 елден келген 566 спортшы 14 салмақта жүлдеге таласады.

Соңғы жаңалықтар