Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирінің финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр.
Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақтың финалына шықты.
Отандасымыз жартылай финалда БАӘ өкілі Георгий Элбакиевтен басым түсті. Осылайша қазақстандық дзюдошы ақтық сында өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен күреседі.
Ал Бақытжан Әбдірахманов (73 келіге дейін), Ажар Асхат (70 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін) финалдық кезеңге өте алмады.
Еске салайық, бұған дейін Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam әлемдік турнирі Қазақстан үшін сәтсіз басталғанын хабарлаған едік.