Абылайхан Жүсіпов екінші рет бокстан Азия чемпионатының финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Абылайхан Жүсіпов финалға шықты.

 Абылайхан Жүсіпов екінші рет бокстан Азия чемпионатының финалына өтті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әлем біріншілігінің үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов 71 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Шохобжон Шукуровпен шеберлік байқасты.

Жекпе-жек Абылайханның айқын басымдығымен өтті - 5:0.

Осылайша, Абылайхан Жүсіпов спорттық жолында екінші рет Азия чемпионатында финалға жолдама алды. Бұдан бұрын 2017 жылы осындай нәтижеге қол жеткізген болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дулат Бекбауовтың тәжікстандық боксшыны жеңіп, финалға шыққанын жазған болатынбыз. Үш раунд ширақ қимылдаған Дулат қарсыласының алдын орап кетіп отырды.

 

Соңғы жаңалықтар