Әбілғазы Құсайынов Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тапсырмаларды жүктеді

ҚАРАҒАНДЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов актив жиналысында Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тапсырмаларды жүктеді. 
None
None

«2011 жылы Қарағанды республиканың рейтингі бойынша айтарлықтай жоғары орынға ие болды. Бүгінде экономиканы дамыту саласындағы басты міндет - осы қарқынды сақтап тұру», - деді Ә. Құсайынов.

Өңір басшысы мемлекеттік-стратегиялық бағдарламалардың іске асуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. 

Облыс әкімі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 8 айы бойынша Қарағандыда кейбір көрсеткіштердің төмендегені байқалады. Атап айтқанда, негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың көлемі 15 пайызға, тау-кен өндіру көлемі 35,5 пайызға төмендеген, деп атап өтті ол. 

Облыс әкімі қаланы абаттандыру, жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту мәселелерін басты міндеттер ретінде атап көрсетті.

Сондай-ақ Ә. Құсайынов денсаулық сақтау саласында кадр жетіспеушілігі мәселесіне назар аударды. «Бүгінгі күні Қарағанды бойынша 88 дәрігер жетіспейді. Бұл өте көп, облыс бойынша алар болсақ, жартысынан көбін құрайды», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар