Әбілхан Қастеевтің немересі суретшілер мен мүсіншілер байқауының жеңімпазы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты республикалық көрме-байқауында қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің туған немересі - Дәурен Қастеев жүлделі бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен ҚР Ұлттық музейі бірлесе ұйымдастырған байқау ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Қазылар алқасының қатаң сынынан өткен ең үздік туындылар Астанадағы ҚР Ұлттық музейіне қойылып, байқау нәтижелері шығарылды.

Бірінші орын Дәурен Қастеевке «Ақтабан шұбырынды» атты триптихы үшін берілді. Екінші орынды Нұрғожин Мейіржанның «Қасым сұлтан ұстаханаға келді» картинасы алды. Үшінші орынға «Алтын орда хандағының құрылу қарсаңы» атты туындының авторы Жақыпбек Әсет лайықты деп танылды.

Жобаның басты мақсаты - қазақ халқының тарихындағы беймәлім беттерді көрсетіп, көркем образдар туындату, ел есінде қалған тарихи тұлғаларды сомдау.

Республика көлемін қамтыған жобаға көптеген суретшілер қызығушылық танытып, еліміздің Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Атырау, Көкшетау, Өскемен, Қарағанды, Түркістан сынды ірі қалалары мен аймақтарынан кескіндемешілер мен мүсіншілер қатысты. Осылайша конкурс нағыз халықтық жобаға айналды. Екі кезеңнен тұрған конкурстың алғашқысында, эскиздерді іріктеуге 90-ға жуық суретші қатысса, оның 67-сі  екінші кезеңге өтті.

Көрмеге қойылған туындылар үлкен форматтағы, көп фигуралы, композициялық құрылымы жағынан күрделі, тақырыптық трактовкасы мен түстік бояу шешімі жағынан саналуан. Оған жақсы мысал ретінде, Д. Қастеевтің «Ақтабан шұбырынды» триптихы, М. Нұрғожиннің «Қасым сұлтан ұстаханаға келді», Ә. Жақыпбектің «Алтын Орда хандығының құрылу қарсаңы», А. Дүзелхановтың «Оразмұхамед Касымұлы Борис Годунов патшаның қабылдауында», Ә. Сапуговтың «Орыс елшісі А.И. Тевкелевтің Әбілқайыр ханның ордасындағы миссиясы», Б. Мырзахметовтың «Әз Тәуке. Жеті жарғысы», Н. Килібаевтың «Елім-ай», Т. Тілеужановтың «Барлау», Қ. Омарханның «Батыр бабалар-2», Е. Кимнің «Бұланты шайқасы» және тағы да басқа көптеген қылқалам шеберлерінің кескіндемелік шығармаларын ерекше атап өтуге болады.  Е. Айтуаров, Р. Садығұлов, С. Әлжан, Н. Аштема, Ә. Жантасов, М. Рахымжанов, А. Ғұбашев, жас суретшілер Н. Әлібек, Д. Үсенбаев, А. Нұрғожаев, Е.

Конкурсқа мүсіншілер қауымы да белсене атсалысып М. Әмірхановтың «Абылай хан», Б. Мұхамеджановтың «Ұлы жырау Кетбұға», Е. Мақұлбаевтың «Шыңқожа батыр», Қ. Дулатовтың «Сатай батыр», Б. Жуасбаевтың «Ақан сері», Б. Қайранбайдың «Қожбанбет би» және тағы басқаларының  мүсіндік туындылары келіп түскен. Түрлі материалдардан жасалған мүсіндік композицияларда, авторлар ел есіндегі тарихи тұлғалардың, батырлардың ерліктеріне сәйкес жиынтық образдарын сомдауға талпынған.

 

Соңғы жаңалықтар