12:13, 16 Наурыз 2017 | GMT +5
Әбілязовтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 17 наурызда өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұхтар Әбілязовтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 17 наурызда өтеді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Мұхтар Әбілязовтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы сағат таңғы 10:00-де Алматы қалалық сотында өтеді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы БТА Банктің қаржысын жымқырған күдікті Әбілязовке қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады. Қазіргі таңда, Әбілязов пен оның сыбайластарының ісі сотқа жолданды.
Мәскеудің арбитраждық соты БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтен 420 млн доллар өндіріп алу бойынша аталмыш банктің шағымын қанағаттандырды.