Абий Ахмед Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады
НЬЮ-ДЕЛИ. KAZINFORM — Абий Ахмед Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар екі ел арасындағы өзара түсіністік пен конструктивті ықпалдастық деңгейі жоғары екеніне тоқталды.
— Эфиопия да халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің институционалдық әлеуетін күшейтуді көздейді. Осы орайда, Қазақстан сияқты достас елдердің озық тәжірибесіне сүйенеміз. Өзіңіз атап өткендей, Қазақстанның Эфиопияда елшілігі бар. Біз де Қазақстанда елшілігімізді ашу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бұл байланыстың нығаюына ықпал етері сөзсіз, — деді Эфиопия Үкіметінің басшысы.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Эфиопия Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Бұған дейін Президент Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездескенін жазғанбыз.