17:20, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Әбу-Дабиде халықаралық қорғаныс көрмесі өтеді
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Ақпанның 22-сі мен 25-і аралығында Әбу-Дабиде ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев басқарған қазақстандық әскери делегация қорғаныс өнеркәсібінің халықаралық «IDEX 2009» көрмесіне қатысады.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. «IDEX 2009» - Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағында құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі қорғаныс технологияларына арналған ірі көрме. Оған 10 елден 20-дан астам компания қатыспақ. Халықаралық көрме қорытындысы бойынша қауіпсіздік проблемалары мен мемлекеттерді қорғау мәселелері талқыланатын конференция өтеді.