Әбу-Дабиде Осман империясы сұлтанының көне семсері аукционға шығарылды

Kynewsarabia.com хабарлағандай, бұл семсер Осман империясын 1830-1876 жылдар аралығында басқарған Әбді Әзізханға тиесілі көрінеді. Әбді Әзізхан - Германия, Франция және Мысыр секілді Осман империясынан тыс жерлерге сапар жасаған жалғыз сұлтан.
Семсер дамаскілік құрыштан соғылған әрі алтын жалатылған. Семсерден алтынмен апталған арабша жазуды оқуға болады. Семсер, сондай-ақ, күміспен көмкерілген, күрделі жазулар ойып жазылған және сұлтанның мөрі басылған.
Сондай-ақ, экспонаттар кешенінде француз мүсіншісінің қолынан шыққан, алтындатылған қола мен піл сүйегінен жасалған, 12 ғасырға жататын османдық пашаның мүсіні де қойылған.
Сонымен бірге, Абдолла Харауи деген атпен мәлім Абдолла Табақтың әйгілі көркем жазуымен жазылған, ХҮІ ғасырға тиесілі қасиетті Құранның көне қолжазбасы да елдің назарына ұсынылған.