Әбу-Дабиде өтетін Grand Slam дзюдо турниріне Қазақстан толық құрамда қатысады
Әбу-Даби қаласында 24-26 қазанда дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, аталмыш жарысқа әлемнің 81 елінен 461 спортшы келеді деп жоспарланған.
Айтулы додада Қазақстан командасы толық құрамда бақ сынамақшы.
Әйелдер:
Әбиба Әбужақынова – 48 кг,
Ғалия Тынбаева – 52 кг,
Эсмигүл Куюлова – 63 кг,
Екатерина Токарева – 70 кг,
Маргарита Гриценко – 78 кг,
Кәмила Берліқаш және Назгүл Маратова – 78 келіден жоғары.
Ерлер:
Нұрқанат Серікбаев пен Мағжан Шамшадин – 60 кг,
Ғұсман Қырғызбаев пен Сұңғат Жұбатқан – 66 кг,
Данияр Шамшаев пен Жансай Смағұлов – 73 кг,
Абылайхан Жұбаназар мен Айбол Нысанәлі – 81 кг,
Ермахан Әнуарбеков пен Аян Байғазы – 90 кг,
Нұрлыхан Шархан мен Ислам Бозбаев – 100 кг,
Ғалымжан Қырықбай мен Ерасыл Қажыбаев – 100 келіден жоғары.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Ақмарал Науатбектің Азиада чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.