Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде Мағжан Шамшадин жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM -Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Абу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мағжан Шәмшадин
Фото: olympic.kz

Жартылай финалға жолдама үшін күресте 60 келіге дейінгі салмақта ол өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа қарсы тұрды.

Шамшадин қарсыласын таза жеңіп, жартылай финалға шықты. Келесі жекпе-жекте ол франциялық Седрик Риволмен белдеседі.

Айта кетелік, осы салмақтағы Дәурен Суюкенов ширек финалда Изнауру Сааевтан жеңілді (Ресей). Ол да Әбиба Әбужақынова секілді жұбаныш раундында бағын сынайды.

Осыған дейін Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеңіліп қалғнын жаздық. 

 

Соңғы жаңалықтар