Абу-Дабидің Тақ мұрагері Қазақстанмен қай салалардағы ынтымақтастық жанданатынын айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян Қазақстанмен қай салалардағы ынтымақтастық жанданатынын айтты.

- Президент мырза, мен үшін бүгін Астанада болу үлкен мәртебе. Әрине, мен БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның ризашылығын білдіргім келеді. Қазақстан біздің аумағымызда елеулі үлесі бар ел екенін атап өткім келеді. Сізді Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймын. Бұл оқиғалар, әрине, Қазақстан халқының бойында сол бір күшті білдіреді және біз де ардагерлеріңізге алғыс білдіргіміз келеді. БАӘ мен Қазақстан өзара ынтымақтастық пен құрметке, сондай-ақ одан әрі ілгерілеуге бейілділік танытады, - деді мәртебелі мейман.
Абу-Дабидің Тақ мұрагерінің айтуынша, соңғы жылдары екі ел арасындағы ынтымақтастық артып, түрлі қорлар мен инвестицияларды кеңейте түсуде. Ынтымақтастық энергетика, көлік, логистика, цифрлық инфрақұрылым, сондай-ақ басқа да салаларда жол қойылған. Алдағы уақытта БАӘ инвестиция есебінен Жамбыл облысында жел энергиясы стансасы салынады.
- Біздің серіктестігіміз цифрлық трансформацияда жасанды интеллект, суперкомпьютерлер сондай-ақ ақылды қалалар бойынша қызметтерді дамытуда жаңа ынтымақтастықпен ілгерілейтін болады. Жаңа технологияны қаржыландыруда біз стратегиялық салаларда, оның ішінде жаңа нарықтарды капиталдандыруда, сондай-ақ жаңа аспектілерді жобалауда жұмысты жалғастыратынымызды атап өткіміз келеді, - деді Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада Абу-Дабидің Тақ мұрагерін қарсы алды.