Abu Dhabi Plaza сауда үйінің жоғарғы қабаттарында не орналасады

АСТАНА. ҚазАқпарат – ALDAR EUROASIA LLP компаниясы Abu Dhabi Plaza-ның жоғары қабаттарының эскизін бөлісті. Сонымен қатар компания QAZAQSTAN мұнарасының ішінде не болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Компания мәліметінше, Әбу-Даби Плаза ішкі әрлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін толық пайдалануға беріледі.

Әрлеу жұмыстарын аяқтау кестесі БАӘ Үкіметінің қарауында жатыр.

QAZAQSTAN мұнарасында мынадай нысандар орналасады:

04-22 қабаттар – кеңсе үй-жайлары

25-75 қабаттар – пәтерлер.

Барлығы 422 пәтер мен 4 пентхаус болады.

Жалға берілетін кеңсенің жалпы аумағы - 21 906 шаршы метр.

QAZAQSTAN мұнарасының R блогында негізгі құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды, сыртқы жұмыстары бітті.

Дегенмен, ішкі әрлеу жұмыстары инвестор және Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің қалған ішкі жұмыстар бойынша мұнан арғы жоспары бекітілгенге дейін кейінге шегерілген.

Құрылыс бағдарламасына сәйкес, QAZAQSTAN мұнарасының ішкі әрлеу жұмыстары биыл жалғасады.

Оны 2024 жылдың маусым-шілде айларында аяқтау жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар