Абылай Ханның тарихи жорық жолдары мен Кенесары Ханның хан болып сайланғанына 170 жылдығына ұйымдастырылған ғылыми- экспедиция жолға шықты

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат. Жезқазған қаласы әкімі Берік Әбдіғалиұлының қолдауымен, Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Абылай бабамыз бен Кенесары ханның жорық жолдарын зерттеу мақсатында Жезқазғаннан ғылыми- экспедиция сапарға шықты. Бұл ғылыми-экспедицияның негізгі мақсаты - бабаларымыз жүрген жерлерде болып, көне қорымдарға,
None
None

ескерткіштер мен жәдігерлерді зерттеп, тарихи оқиғаларға қатысы бар мекендерге соғып, суретке түсіріп, тың деректер, басқа да мәліметтер жинақтау. Ғылыми -экспедиция Қазақстанның біраз өңірлеріне ат басын бұрмақшы. Зерттеушілер 15 мен 27 қыркүйек аралығында 3200 шақырым жер жүріп өтпекші. Атап айтсақ, Жезқазған- Ұлытау-Арқалық-Петропавловск-Көкшетау-Астана-Қарағанды-Жаңаарқа- Жезқазған өңірлерін қамтиды. Ғылыми-экспедицияның құрамында Қ. И. Сәтбаев атындағы мұражайдың директоры, өлкетанушы Кенжал Балкенов, Жезқазған қаласы мемлекеттік мұрағаттың директоры, өлкетанушы әрі ұйымдастырушы Бағдат Байжантаев, Қенесары ханның төртінші ұрпағы Қамбар Файзоллаұлы, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының қызметкерлері, суретшілер, бейнетаспаға түсірушілер мен фотогровтар, өлкетанушылар мен тарихшылар бар. Саяхатшыларды Жезқазған қаласының тұрғындары салтанатты түрде шығарып салды. Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Мұзарафұлы Аханов экспедиция мүшелеріне аман барып сау қайтуларын тілеп, ақ жол болсын айтты.

Соңғы жаңалықтар