17:15, 16 Қазан 2020 | GMT +5
Абылай Құсайынов кәсіпқой рингке оралады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан боксшысы Абылайхан Құсайыновтың (11-0, 8 КО) келесі жекпе-жек өткізетін күні және қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кәсіпқой боксының ВКонтакте парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, жеңіл салмақтағы спортшымыз 25 қазанда шаршы алаңда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы ресейлік боксшы - Руслан Берчук.
Естеріңізге сала кетсек, Абылайхан Құсайынов соңғы кездесуін ақпан айында Мексикада өткізіп, жергілікті боксшыны нокаутпен жеңген еді.