Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдың 12 мамырында Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдікті Абылай Мырзахметовке қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қабылдады, - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
None
Фото: almaty.atameken.kz

Абылай Мырзахметов 1969 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Үйленген, ұлы мен қызы бар. Жамбыл облысының әкімі болған Асқар Мырзахметовтің туған інісі. Асқар Мырзахметов елімізге есімі танымал саяси тұлғалардың бірі. Ол 1997-2006 жылдары Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болған. 2006-2007 жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі қызметін атқарған. 2018 жылдың 10 қаңтарында Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімің болып тағайындалды. Бірақ, 2020 жылдың ақпанындағы «Қордай оқиғасынан» кейін қызметінен кетті.

10 мамыр күні «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов қамауға алынды.
Кейін Антикоррупциялық қызмет ол қандай қылмысқа қатысты ұсталғанын жария етті.

Кеше ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді.


Соңғы жаңалықтар