Абылайхан Жүсіпов: Менің кумирім - Серік Сәпиев (ФОТО)

«Сарыарқа» әуежайында жас олимпиадашыларды туыстары мен достары, спорт қауымдастықтарының өкілдері мен балалар спорт мектептерінің тәрбиеленушілері салтанатпен қарсы алды. Онда спортшылар сұхбат берді.
«Барлық үш жекпе-жек те қиын болды, дегенмен жеңіске жетіп, ақырында чемпион атандым. Әрине, қуанышым қойныма сыймайды. Қазір ең бастысы - сәл демалып, сосын қайтадан жаттығуға кірісу», - дейді боксшы А. Жүсіпов. Оның айтуынша, жеңіске жетуіне жақсы дайындық, психологиялық пәрмен және жанкүйерлік қолдау сеп болды.
Жас боксшы егер де осындай тұрақты жаттығуды жалғастыра берсе, ересектер олимпиадасына қатысуға мүмкіндігі бар екенін айтты.
«Менің кумирім - әрине, жерлесім, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Ол да, мен де Абай бокс мектебінің тәрбиеленушілеріміз. Жұдырықтасу мәнеріміз де ұқсас деп ойлаймын. Сондықтан, оның жеткен жеткен жетістігіне жетуге бар күшімді салатын боламын, өйткені бұл өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ. Тек соған дайын болуың қажет», - дейді А. Жүсіпов. Айта кетейік, 1 қыркүйекте чемпионның ЖОО-дағы оқуы басталады. 17 жастағы спортшы Абай қаласындағы мектепті тәмамдап, Қарағанды экономикалық университетіне «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түскен болатын.
Абылайханның анасы ұлының жекпе-жектерін ғаламтордан көзіне жас ала отырып көрген. «Өз балаңды рингте ұрып жатқанға қарау өте ауыр. Спорт деген қиын нәрсе, дегенмен онда да жетістікке жетуге болады. Әрине, оның Олимпиада чемпионы болғанына өте қуаныштымын», - дейді ол. Анасының айтуынша, ол баласын 8 жасында өзі бокс үйірмесіне алып келген екен.
Айта кетейік, Нанкинде (Қытай) өткен жастар арасындағы олимпиадада қазақстандық жас спортшылар 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медель ұтып алды.