13:37, 04 Қараша 2016 | GMT +5
Абзал Нүкенов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.