Абзал Шынасыл: сотталушылардың біреуі Шерзатқа пышақ салды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Сот барысында айыпталушы Абзал Шынасыл сұрақтарға берген жауабында төбелесті кім бастағанын білмейтінін айтты.
– Бейнежазбадан ғана Шерзаттың Нұрқиясты ұрғанын көрдім. Шерзатқа кім пышақ салғанын нақты білмеймін, пышақтаған адам Белғожаев емес деді, – деді ол.
Сонымен қатар, Шерзаттың пышақталуы мен келмей тұрып болған сияқты деп атап өтті.
Шынасыл сот отырысында «Хутор» деп аталып кеткен қылмыстық топқа да қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл топқа еш қатысы жоқ.
– БАҚ бізді «бандит», «хуторский» деп жауыз етіп көрсетті. Біз қарапайым ауылдың балаларымыз. «Хутор» – ауылдың ескі атауы, қазіргі атауы – Тұрар Рысқұлов. Неге олай жазып жатқанын түсінбеймін, – деді сотталушы.
Айта кетейік, Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты.
Шерзат ісіндегі басты айыпталушы осыған дейінгі сөзінен бас тартқаны жайлы жазған болатынбыз.
Еске сала кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспейтінін айтқан.
Тағы бір сотталушы Нұрқияс Ілиясов мылтықпен ұру себебін түсіндірсе, Азамат Тоқтаубаев өтірік айғақ бергенін растады.
Кәмелетке толмаған тағы бір айыпталушы Думан Ысқақ өзіне тағылған айыпты мойындамады.
Айта кетейік, Шерзат Полаттың өлімі бойынша алғашқы сот отырысында прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.
Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза болғанын жазған едік.
2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.