ӘЧ-2018: Қызылордалық футболшылар Қазан қаласына аттанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Ресейдің Қазан қаласына кетті. Олар футболдан әлем біріншілігі ширек финалындағы Бразилия мен Бельгия арасындағы кездесуді тамашалайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ӘЧ-2018: Қызылордалық футболшылар Қазан қаласына аттанды

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қолдау білдірген.

Қазіргі таңда «Қайсар» ел біріншілігіндегі турнир кестесінде 19 ұпаймен 6-орында келеді. Олар соңғы турда сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Енді олар 14 шілдеде өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» клубын қабылдайды.