ӘЧ-2026: Бразилия мен Морокко бір-бірін жеңе алмады

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының С тобындағы бірінші тур матчында Бразилия ұлттық құрамасы мен Марокко ұлттық құрамасы 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Kazinform.

ӘЧ-2026: Бразилия мен Морокко бір-бірін жеңе алмады
Фото: fifa.com

Кездесу АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы Метлайф стадионында өтті. Матчтың бас төрешісі міндетін словениялық Славко Винчич атқарды.

Ойынның 21-минутында марокколық жартылай қорғаушы Исмаэль Сайбари қақпашы Алисон Бекерді алдап өтіп, есеп ашты.

Ал 32-минутта бразилиялық Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді.

Екінші турда Бразилия құрамасы Гаити ұлттық құрамасымен (20 маусым), ал үшінші турда Шотландия ұлттық құрамасымен (25 маусым) кездеседі.

Марокко құрамасы келесі турда Шотландиямен (20 маусым), үшінші турда Гаитимен (25 маусым) ойнайды.

Ал алғашқы турда Шотландия мен Гаити құрамалары Америка уақытымен 14 маусымға қараған түні өзара кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мексика алғашқы ойында Оңтүстік Африканы жеңгенін жаздық.

Ал 14 маусым күні, яғни бүгін өтетін матчтардың кестесін мына жерден көре аласыз.