13:36, 03 Қазан 2017 | GMT +5
ӘЧ: 3 дүркін олимпиада, 10 дүркін әлем чемпионы жарысты тастауға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық гимнастикадан үш дүркін олимпиада чемпионы және 10 дүркін әлем чемпионы жапондық Кохеи Утимура жіліншігінің жарақатына байланысты канадалық Монреалда өтіп жатқан әлем чемпионатынан шығып қалды.
Бұл жайлы халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) баспасөз баянында хабарланған.
Жапондық гимнасшы қолды тіреп секіру кезінде сол жақ жіліншігін жарақаттап алды. Ол тұғырдан түскен кезде аяғын сылти басты. Соңында Утимура жарыспалы қоссырыққа шыққанымен, артынша жалғастырудан бас тартты. Аталған спорт түрінен жапондық 2009 жылдан бері қатарынан алты рет әлем чемпионы атанған.
Лондон мен Рио-де-Жанейродағы олимпиада ойындарында да көп сатылы жарыстардан алтын олжалаған болатын.