ӘЧ: Хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Нидерландтан басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Латвия астанасы Рига қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан Нидерланд құрамасын жеңді. 

ӘЧ: Хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Нидерландтан басым түсті
Фото: icehockey.kz

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер жақсы ойын көрсетті. Алғашқы кезеңде төрт шайба соқса, екінші кезеңде қазақстандық қыздар тағы үш мәрте көзге түсті. Үшінші кезеңде төрт гол соғылып, қорытынды есепті белгіленді.

Осылайша қазақстандықтар қарсыласынан 11:0 есебімен басым түсті. 

Қазақстан – Нидерланд 11:0 (4:0, 3:0, 4:0)

1:0 – 14:14. Феоктистова (Раковская, Крухольская)
2:0 – 15:41. Феоктистова (Зубкова)
3:0 – 16:30. Зубкова (Крухольская)
4:0 – 17:11. Муравьева (Раковская)
5:0 – 29:03. Раковская (Муравьева, Жакулина)
6:0 – 38:50. Жакулина (Раковская)
7:0 – 39:35. Феоктистова (Зубкова)
8:0 – 52:37. Феоктистова (Зубкова, Крухольская) ГБ
9:0 – 53:40. Муравьева (Жакулина, Раковская)
10:0 – 54:45. Муравьева ГМ
11:0 – 58:35. Крухольская (Раковская)

Екі құрама бұған дейін 4 мәрте кездесті. Барлығында нидерландтық хоккейшілер басым түскен еді.

Еске салсақ, биыл әлем чемпионатында бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияға 1:3 есебімен есе жіберсе, одан кейін Жаңа Зеландияны 14:3, Тайваньды 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазір турнир кестесінде төрт ойыннан кейін 12 ұпай жинаған Ұлыбритания бірінші орында келе жатса, одан кейінгі орындардағы Қазақстан мен Латвияның еншісінде тоғыз ұпайдан бар. Ал Нидерланд пен Жаңа Зеландия үш ұпайдан еншілесе, Тайвань әзірге бірде-бір ұпайға ие болған жоқ. 

Енді қазақстандық хоккейшілер бүгін, 26 қаңтарда Латвиямен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар