18:00, 30 Шілде 2024 | GMT +5
Activ және Kcell ұялы байланысынан ақау шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазір ұялы байланыс қалпына келтіріліп, ақаудың себебі анықталып жатыр.

«Activ және Kcell абоненттерінің шамамен 20% дауыс байланысы және интернет қызметінде олқылық болғанын хабарлады. Қазір компанияның техникалық мамандары ақаудың себебін анықтауда, сонымен қатар қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп түсінідірлген «Кселл» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, компания абоненттерінен қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Айта кетейік, бұл қазақстандықтардың Activ/Kcell интернетінің сапасына қатысты бірінші шағымы емес.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаты ұялы байланыс операторларына заңнама талаптарын күшейту керек екенін айтқан болатын.