Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров Шығыс Қазақстан облысында жүр

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров өз жанында әрекет  ететін Азаптаулар мен жазалаудың басқа да қатыгез түрлерін қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобының  мүшелерімен бірге Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр.  
None
None

Оның барысында Өскемен қаласының ҚІІБ уақытша ұстау абақтысына, Тергеу абақтысына, ОВ-156/2 мекемесіне, ҚР ІІМ ҚАЖ Департаментінің әйелдер колониясына, ҚР Қорғаныс министрлігінің 44793 әскери бөліміне (байланыс бригадасы), Семей психоневрологиялық интернат үйіне, Өскемен қалалық Тұрақты тұратын орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына   бару көзделеді. 

Жұмыс тобының құрамында ҚР Бас прокуратурасының, Ішкі істер министрлігінің, ҚАЖ комитетінің, Қорғаныс министрлігінің басшы қызметкерлері, сондай-ақ Халықаралық түрме реформасы, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро сияқты құқықтық қорғау ұйымдарының өкілдері бар. 

Пенитенциарлық және медициналық әлеуметтік мекемелерге бару кезінде ұстау жағдайларына, тамақпен, білікті медициналық көмекпен, заңнамамен кепілдік берілген басқа да құқықтардың қамтамасыз етілуіне аса назар аударылады, Омбудсменнің аталған мекемелерде ұсталатын адамдармен олардың шағымдары мен ұсыныстары тұрғысында әңгімелесулері өтеді. 

Әскери бөлімде әскери қызметті өтеу жағдайларымен, әскери қызметшілерінің жарғылық қарым қатынастарды сақтауымен танысуға мүмкіндік берілді. 

Мониторинг нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар әзірленетін болады, Жұмыс тобы оларды өзінің кезекті отырысында қарайды, деп хабарлайды Уәкілдің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар