Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Human Rights Watch халықаралық ұйымының өкілімен кездесті

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 23 мамыр күні Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Вячеслав Калюжный Орталық Азиядағы Human Rights Watch (Хьюман Райтс Вотч) халықаралық ұйымының зерттеушісі Мира Ритманмен кездесті.
None
None

Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кездесу барысында құқық қорғау саласындағы проблемалар, оның ішінде еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге, азаптауларды қолдануға қарсылық білдіруге, қылмыстық сот төрелігі саласындағы заңнаманы ізгілендіруге қатысты мәселелер талқыланды.

Орталықтың басшысы еңбек-құқықтық қарым-қатынастардағы жанжалдардың, арнайы және пенитенциарлық мекемелердегі азаптаулар мен қатігез қарым-қатынастардың алдын алу бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қолданып жатқан алдын алу шаралары мен мониторингтік қызметі туралы, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық істерді жүргізу мен қылмыстық-атқару заңнамаларын жетілдіру бойынша сараптамалық жұмысқа қатысуы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттардың қағидаттарын іске асыруда құқық қорғау ұйымдардың өзара әрекеттесуі маңызды екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар