Адам өліміне қатысты күдіктілер ұсталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері адам өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті. Оның атап өтуінше, аталған қылмыс Зеленов ауданының аумағында орын алған. «Қолы байланған 28 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті Володарка ауылынан 4 шақырым жердегі орман алқабында диаметрі 100 сантиметрлік құбырдан табылған. Жәбірленуші 25 қыркүйектен бастап із-түссіз жоғалған болып есептелген»,- деді ол. Ресми өкілдің атап өтуінше, сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің тұншықтырылып өлтірілгені анықталды. Облыстық ІІД криминалды полиция қызметкерлерінің тиісті шараларының нәтижесінде ауданның 22 жастағы тұрғындары қолға түсті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды», - деді Н.Ораз.
Соңғы жаңалықтар