Адам өлтірген және қарақшылық жасаған Астананың екі тұрғыны 20 жылға бас бостандығынан айырылды
![None None](/static/img/plug.webp)
Сот анықтағандай, екі ер азамат алкогольдік масаң күйде өздерінің танысын ұрып, дене мүшелеріне және басына пышақпен соққылар жасап, мойнына жіпті байлау арқылы тұншықтырған. Нәтижесінде, жәбірленуші қылмыс жасалған орнында қайтыс болды. Болған қылмыстың ізін жасыру мақсатында қылмыскерлер өздерінің танысының денесін кәріс құбырының құдығына тастаған.
Сол күні қылмыскерлер таксиді тоқтатып, оларды тиісті мекенжайына апаруын сұраған. Аталған мекенжайына келген соң, ер азаматтар жүргізушіге шабуыл жасап, тұншықтыра бастаған, пышақпен кеудесіне соққы жасап, оны жолдың жиегіне тастап кеткен. Осы әрекетімен, қылмыскерлер такси жүргізушісінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп, онын автокөлігін иемденген.
Сот үкімімен екі ер азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7 тармақшасымен («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобын жасаумен адам өлтіру») 192-бабы 3-бөлігінің 2-тармақшасымен («Ірi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында жасалған қарақшылық») кінәлі деп танылып, оларға мүлкін тәркілеумен қатаң режимдегi түзеу колониясында өтеумен әр қайсысына 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.