Адам өлтіріп, оның ақшасына көлік сатып алған күдікті ұсталды

пайдакүнемдік ниетпен 40 жастағы әйелді өлтірген Алматы облысының тұрғынын ұстады. Адам мәйіті 2011 жылғы қыркүйекте Тараз қаласындағы қонақ үйлердің бірінен табылған болатын. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифинг барысында министрдің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Тергеу мәліметтеріне қарағанда, жәбірленуші Алматы қаласында тұрған. Автокөлік алу үшін 4 мың АҚШ долларын жинаған азаматша, Тараз қаласындағы құрбысына баруды жоспарлаған. Осы сапарында ол құрбысымен және оның күйеуімен қалаға келу уақытын айтып үнемі телефон арқылы хабарласып тұрады. Сол күні түнгі сағат 1-лер шамасында жәбірленуші көліктің сынып қалуына байланысты қонақүйлердің бірінде қонатынын да хабарлаған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің жол бойында күдіктімен танысқаны анықталады. Олар бірге қонақүйге орналасады. Қонақүйде жолсерігінің ақшасы бар екенін білген күдікті оны орамалмен тұншықтырып өлтіреді де, ізін жасырады. Кейіннен, әлгіндей жолмен келген ақшаға автокөлік те сатып алады. Қазір ұсталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін қосымша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деді Н. Ораз.