11:59, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Адам өмірі 25 мың теңгеге бағаланды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының Тереңөзек кентінде адам өмірінің 25 мың теңге ғана тұратынын байқататын бір қайғылы оқиға орын алды.
Осы кенттің тұрғыны, жас жігіт 70 жастағы кейуананы осынша ақша үшін пышақ салып өлтірді.
Кейін анықталғанындай, қылмыскер зейнеткер отбасында құрылыс жұмыстарын орындайды. Олардың осы жұмыстар үшін келіскен бағасы 25 мың теңге болыпты. Алайда, жұмысты бастаған күннің ертеңіне жұмысшы қариядан біршама соманы алдын ала беруді сұрайды. Бірінші жолы келісе алмаған кейінірек 800 теңгеге қол жеткізеді. Осы ақшаға араққа тойып алған жігіт түнге қарай қарт ананың үйіне келіп, оны соққының астына алады.
Қазір осы қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалды.