Адам өмірін сақтап қалғаны үшін марапатталды

АҚТӨБЕ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Бүгін облыстық ішкі істер департаментінде №6655 әскери бөлімшесінің шұғыл мақсаттағы батальонның екінші рота әскери қызметшілерін марапаттауға арналған салтанатты жиын болып өтті.
None
None
Олар торуылдық қызметті орындау кезінде дәмханадағы өрттің алдын алған және мекеме иесін от құшағынан құтқарып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Әскери бөлімше баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәуірдің 29-ында үш әскери қызметшіден жасақталған торуыл 11-ші шағын ауданды аралап жүрген кезінде базар жанындағы «Анар» кәуапханасынан («Әнуар» супермаркетінің жанында) өрт шыққанын байқап қалады. Оқиғаның мән-жайы анықтағанда, дәмхананың шығыс жағы өртеніп жатқан болып шықты.Әскери жасақтың бастығы кіші сержант Айбат Кәрімов әскери жасақ бойынша кезекшіге, облыстық ішкі істер департаментінің шұғыл басқармасына өрттің дәл орнын хабарлайды және оқиға орнына басқа да жасақтарды шақыра отырып, құтқару шараларына кіріседі.Сержант Кәрімов уақыт ұттырмай дәмханаға кіріп, ес-түссіз жатқан мекеме меңгерушісі Сылан Құшбаеваны көтеріп алып шығады. Одан кейін үш оттегі баллонын аулаға алып шығып, жарылыс қатерінің алдын алады.Бүгін Айбат Кәрімов Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Қоғамдық тәртіпті қорғағаны үшін» медалімен, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының бұйрығымен жасақ құрамында болған Мейір Төленбеков пен Еділ Олжабаев І дәрежелі «Қайсар» төсбелгісімен салтанатты жағдайда марапатталды.
Соңғы жаңалықтар