Адам папиллома вирусына қарсы вакцина алатындардың санаты кеңейтіле ме

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцина алатындардың санатын кеңейту туралы ұсынысқа пікір айтты.

Ақмарал Әлназарова
Фото: Kazinform

— Қазір депутаттар тарапынан да, тұрғындар жағынан да тек қыздарды ғана емес, ер балаларды да вакцинациялау керектігі туралы сұрақтар көтеріліп жатыр. Жас бойынша межені кеңейтіп, 11 жаспен шектемеу туралы ұсыныстар бар. Халықаралық тәжірибеге қарағанда, вакцинация 9 жастан басталады. Сондықтан бұл ұсыныстар пысықталып жатыр, — деді А. Әлназарова Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына ижауап бере отырып.

Сондай-ақ ол әйелдерге де екпе салу туралы сұраққа жауап берді.

— Қазір тек 11 жастағы қыз балалар қамтылған… Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарға қосымша қаражат керек екенін де ескеру керек. Бұл мәселе де пысықталып жатыр, — деді министр.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте елімізде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы — адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпы вакциналау басталды. Осы орайда Kazinform агенттігінің тілшісі Қазақстанда аталған инфекцияның таралу статистикасы қандай, бұл вирус не үшін қауіпті және неге екпе алу қажет екеніне шолу жасаған еді. 

Жақында 150 мың оқушы папиллома вирусына қарсы вакцинаның екінші дозасын алатынын жаздық.

Бұған дейін Қазақстанда ер балаларға да адам папиллома вирусына қарсы вакцина егу жоспарда барын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар